Қазақстанда қызмет ететін миссионерлік ұйымдар
Қазақстанда қызмет ететін миссионерлік  ұйымдар

           Миссионерлік дегеніміз латын тілінен аударғанда  missio — тапсыру, аманат ету деген мағынаны білдіреді. Жалпылама түсіндіретін болсақ, өздерінің ұстанатын ұстанымдарымен, қағидаларын елімізде тіркеле отырып, діни ілімдерін таратуға бағытталған қызмет түрі.  Дүниежүзінде тіркелген және заңды тұрғыдан тіркелмеген қаншама діни бірлестіктер қызмет атқаруда. Миссионерлік қызметтің пайдасынан көрі зиянды жағы басым болатын қызмет түрі. Олар ең алдымен өз ілімдерін тарқату үшін, небір айла шарғыға баратын топ десекте болады. Адамдардың әлсіз жақтарына, психологиялық әсер ету арқылы, өздерінің ілімдерін жаюға белсенді. Діни бірлестіктердің заңды тұрғыда тіркелген ұйымдарына қарағанда, заңды тұрғыда тіркелмеген діни ұйымдар өте қауіпті болып саналады. Себебі заңды тіркелген діни бірлестіктерге, мемлекет тарапынан бекітіп берген, арнайы бір аумақты көрсетіп, шекараларын сызып, белгілі бір тәрті орындауға міндеттейтін заңнамасы болады. Сол заң аясында діни бірлестіктер шекарасынан шықпай қызмет ете алады. Ал заңды тұрғыдан тіркелмей, құпия түрде жүзеге асырылатын, діни қызметтерде ереже болмайды. Олар астыртын, құпия түрде қызмет жасағандықтан, еліміздің заңдарын өрескел бұзатын ұйымдар болып табылады. Елімізде діни бірлестіктер тек заңды тұрғыдан тіркеліп қана өз қызметтерін жасай алады. Елімізде діни ұйымдарға байланысты заң бөлімдері қарастырылған. Сол заң аясына байланысты оларды тіркеу және тіркеуден алып тастауға болады. Діни ұйымдарды тіркеуге және тексеруге, оларды заңды тұрғыда тіркеуден алып тастауды тек заңды өкілетті орган қызметкерлері ғана айналыса алады. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, құжаттар ұсынылған күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.

Миссионерлер заңды тұрғыдан тіркелу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттар мен материалдарды әкелулері тиіс:

1) Паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін; 

2) Миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiш;

3) Дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру, құқығына дiни бiрлестiк берген құжат; 

4) Өкілі миссионер болып табылатын, діни бірлестікті Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және оның жарғысының көшірмесі;

5) Миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады. 

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қосымша мынадай құжаттарды тапсырулары тиіс: 

1) Миссионер оның атынан өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің , шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендiгiн куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын ұсынады.

        Миссионерлерге қойылатын  негізгі талаптар ішіне шет мемлекеттер берген, құжаттардың қазақ және орыс тілдеріне аудармасының  дұрыстығы. Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы, Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі. Сонымен қатар миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған азамматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды  дінтану сараптамаларынан өту барысында, сараптаманың теріс қорытындысы яғни, оның миссионерлік қызметі конституциялық заңнамасына, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандығына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады. Діни бірлестіктердің дінтану сараптамаларының, оң қорытындысымен, жақсы бағасын алғанда ғана,  діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдаланылуына рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасында діни бірлестіктерді тіркеусіз, жүзеге асыруға қатаң түрде тыйым салынған. Елімізде діни бірлестіктер заң аясында рұқсат етілген, қызмет түрлерін ғана  жасауға құқылы  және олар көшеде немесе көпшілік орындарда өздерінің діни парақшаларын болмаса кітаптарын ашық таратуға қатаң тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімін негізге алатын болсақ, қазіргі таңда ұлттық деңгейде Қазақстан территориясында тыйым салынған террористік және экстремистік құрылымдармен бірге, төмендегі діни ұйымдар  әрекетіне тиым салынған болып табылады:

1) «Аль-Каида»,

2) «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»,

3) «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»,

4) «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»).

Сонымен қатар «Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы»  шешімін алатын болсақ:

1) «Асбат аль-Ансар»,

2) «Братья-мусульмане»,

3) «Талибан» қозғалысы,

4) «Боз гурд»,

5) «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтар»,

6) «Лашкар-е-Тойба»,

7) «Әлеуметтік реформалар Қоғамы».

Сонымен бірге Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

1) «АУМ Синрикё»,

2) «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы».

 Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

1) «Түркістан ислам партиясы»

Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес: «Хизб-ут-Тахрир»

Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімімен: Адамдарды қозғалыс методы (өзін-өзі емдеу) арқылы емдеу деп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат таратқан Абдуллаев Ф.М. (Фархат-ата), ол «Алла-Аят» деген атауна  ие. Мамандандырылған ауданаралық  Алматы қаласы сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешімімен: «Ата жолы» және «Ақ жол» ұйымдарының елімізде қызмет атқаруларына қатаң тиым салынған. Осы аталып өткен діни бірлестіктердің несебептен, елімізде тиым салынғанына қысқаша тоқталып өтсек. 1. Кей деректерге сүйенсек «Аль-Каида» - әртүрлі елдердің соғыс құмар адамдары қаржыландыратын және қызметіне бағыт-бағдар  беретін халықаралық ұйым. Ауғанстан аймағында 1988 жылы құрылған. Негізін қалаушы: Осама бен Ладен. «Аль-Каиданың» басты мақсаты: мұсылман елдеріндегі «шіріген» және «еретикалық» басқару режимін құрту, ол жерлерге шариғатты билік орнату болып табылады. «Аль-Каида» антибатыстық радикалды бағытты ұстанады және Американы исламның басты жауы деп санайды. 2. «Алля - Аят» - аккультті сипаттағы қауіпті ілім. «Күн шапағымен» емделу (күнге қарап ем алу). Басқаша  атауы: "Аят" Фархата ата, «Фархата Ата тобы». Құрылған жылы: 1990, 1995жылдар. Негізін қалаушылар: Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының тұрғындары, Алматы облысының колхоз шопыры Абдуллаев Фархат Мухамедұлы және оның әйелі. 3. «Асбат аль-ансар» - маркстік-лениндік ағымдағы исламдық ұйым болып табылады. Басқаша атауы: «Партизан лигасы» Әйн аль-Хильведе 1989 жылы құрылған. Негізін қалаушы: шейх Хишам Шрейди. Олардың басты мақсаты: Палестинадағы израилдық оккупациямен күрес және Ливанды батыстық ықпалдан қорғау. Ол Аль-Каидамен тікелей байланыста және оған кадрлар жеткізіп тұруға міндеттеледі. 2000 жылы «Асбат-аль-Ансар» Бейрутта Ресей елшілігін гранатеметпен атып тастаған. МакДональдс рестораны мен БАҚ редакциясына шабуыл жасаған. 4. «Аум-Синрике» («Алеф») – антиәлеуметтік бағытты ұстанған қауіпті тоталитарлық экстремистік дін ретінде саналады. Басқаша атауы: "Движение истины Аум", «Алеф». Жапонияда 1984 жылы құрылған. Көшбасшысы: - Секо Асахара (қазіргі таңда - Тидзуо Мацумото). Басты мақсаттары  биліккке ұмтылу болып табылады. Негізі  әскерилендірілген  ұйым,  сонымен қатар дін өте құпия, эзотериялық сипатта құрылған.

Жоғарыдағы аталып өтілген діни бірлестіктердің қылмыстық әрекеттерін қарастыратын болсақ:

- 1995 жылы 20 наурыздағы «Аум Синрике» Асахараның тікелей бұйрығымен Токиоға газбен шабуылы, (12 адам өліп, 5000 адам зардап шекті).

- 1995 жылы 22 наурызда «Аум» ғимаратында 50 адам қоршалып, ессіз күйінде табылды.

- 1995 жылы 16 мамырда жапон полицейлері Секо Асахараны тұтқындады. 2004 жылы сот Асахараны кінәлі деп тауып, өлім жазасына кесті.

- 2006 жылы 15 қыркүйекте Жапоняның Жоғарғы соты соңғы аппелациядан бас тартты. Қазіргі таңда үкім орындалған жоқ. Әлі күнге дейін 17 бап бойынша тексеру жұмыстары жалғастырылуда. Ендігі кезекте көпшілігіне беймалім, таныс емес немесе атауын естігенмен қандай ұйым екендігін, қарапайым халық  біле бермитін діни ұйымдарға тоқталатын болсақ: 1. «Боз Гурд» - түрік әскерилендірілген ұйымы. Басқаша атауы: (азерб. Boz Qurd, тур. Boz Kurd), “Серые волки”. 1965-70 жылдары құрылған. Негізін қалаушы: полковник Альпарслан Түркеш. Оның басты мақаты: туранизм – түркі халықтарының біріккен мемлекетін құру. Бүгінгі таңда Европа, араб елдері, ТМД-да – 30 000 мың мүшесі мен 80 филиалы бар. 2. «Братья Мусульмане» - халықаралық діни-саяси террорлық ассоциация. Басқа атауы: (араб. الإخوان المسلمون‎‎, Аль-Ихван аль-Муслимун). Исмаилияда  (Египет) 1928 жылдың наурыз айында құрылған. Негізін салушы : оқытушы Хасан аль-Банна. Негізгі мақсаты: исламдық емес үкіметті жою және әлемдік масштабта «Ұлы Ислам халифаты» деп аталатын билікті құру. 3. «Орталық Азиядағы джаматта моджахедтар» - халықаралық терроистік ұйым. Басқа атауы: «Исламдық джихад тобы». Негізін қалаушылар: «Өзбекстанның исламдық қозғалысы» жауынгерлері.Ұйымның басты мақсаты: Өзбекстан территориясында террористік акциялар ұйымдастыру және елдің конституциялық құрылысын қирату. 4. «Шығыс Түркістанның исламдық партиясы» - халықаралық террористік ұйым. Басқаша атауы: "Исламское движение Восточного Туркестана", "Партия Аллаха", "Революционный фронт народов Восточного Туркестана". 1998 жылы құрылған. Негізін қалаушылар: Айсан Махсум и Абудукадир Япуцюань.Ұйым мақсаты: Қытайды террористік әдіспен қирату, Шынжан аумағында біріккен «Шығыс Түркістан исламдық мемлекетін» құру болып табылады. 5. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» - бірден-бір қауіпті халықаралық террористік ұйым. Басқада атаулары: «Исламское движение освобождения Узбекистана», «Партия исламского возрождения». 1996 жылы құрылған. Негізін қалаушы: Тахир Юлдашев болып табылады.Олардың басты мақсаттары: Ферғана жазығында ислам мемлекетін құру. Олар "Аль-Каида", "Талибан", "Хизб ат-Тахрир", "Братья-мусульмане" және т.б. ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Ұйым көшбасшылары елдің конституциялық құрылысын қиратып, исламдық мемлекет құруды көздейді. 6.Таблиғи жамағаты (арабша: جماعة التبليغ‎, урдуша: تبلیغی جماعت‎, «(дін) тарату жамағаты»)— Үндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) 1926 жылы Үндістанда құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанғандар болып есептелінеді. Мамандардың айтуы бойынша миссионерлік - тапсыру, аманат ету деген мағынаны бергендіктен, белгілі бір діннің аманатын арқалай отырып, сол дінді немесе діни ілімді насихаттаушы ретінде қарастырылады делінеді. Елімізде кез-келген азамат көшеде, қоғамдық көліктерде, аялдамада немесе басқа да қоғамдық орындарда (базарда, жатақханада, сауда-cаттық орталықтары және т.б.) қандай да бір діннің артықшылығы туралы уағыз насихат жұмыстарын жүргізе алмайды. Діни насихат жүргізген адам заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан болып, заң бойынша жауапқа тартылады. Елімізде қанша миссионер бар? Деген сұраққа жауап беретін болсақ: Республикада 18 конфессияның 569 миссионері тіркелген. Тіркелген миссионерлердің арасында саны жағынан православиенің және католицизм дінінің миссионерлері басым болып келеді. Кей деректерге  қарай отырып, айтатын болсақ, қазіргі таңда шаhарымызда 113 миссионер тіркелген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша діни бірлестік құруға, басқармаға 73 арыз түскен, оның ішінде 61 қызмет алушыға рұқсат берілсе, 12 бас тартылған. Тіркеусіз миссионерлік қызмет – заң бұзушылыққа саналып, Қазақстан аумағында заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан азаматқа,  ҚР ӘҚБтК-ның 490-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Қазақстан азаматтарына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, ал шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға айыппұлға қоса еліміздің аумағынан шығарылып жiберілетін әкімшілік жауапқа тарту қарастырылған. Елімізде заңсыз миссионерлік қызметпен айналысып, діни алауыздық тудырған, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған бірнеше азаматтар бар. Мәселен ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарасақ Шейх Халил есімімен танылған Абдухалил Абдужаббаров — ұлты өзбек, ҚР ҚК 164 бабы, 3 тармағы бойынша 8 жылға сотталды. Қазақстанның сұратуымен Сауд Арабиясынан 2017 ақпан айында депортацияланған. Лекциялары тәкфирлік идеологияға насихаттаған. Ал, Ділмұрат әбу Мухаммад есімімен танымал Ділмұрат Махаматов — ұлты өзбек, Қылмыстық кодекстің «әлеуметтiк, ұлттық немесе дiни алауыздықты қоздыру» және «терроризмдi насихаттау» бабы бойынша 8 жылға сотталды. 2018 жылы қазан айында Сауд Арабиясында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған. Абдурахим абу Ибрахим есімімен танылған Қуаныш Башпаев — ұлты қазақ, ҚР ҚК діни алауыздық қоздыру туралы 164 бабы бойынша 4,5 жылға сотталды. Мәдина Ислам университетінің магистранты. Оған қоса тағы бірнеше деструктивті ағым өкілдері қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Елімізде діни қызмет атқару тек заңнама бойынша жүзеге асырылуы керек. Еліміздің ертеңімен бүгінінің жарқын, болашағын ойлайтын болсақ, діни алауыздықты тудыратын, әрбір ақпарат көздеріне мұқият болуымыз керек.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Ғылыми жетекшіБорбасова Қарлығаш Молдағалиқызы философия ғылымдарының докторы, профессор

«Философия және саясаттану» факультеті,

«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы;

дінтану мамандығының 1-курс магистранты Әлібай А.;

https://www.kaznu.kz/kz

 

Әлібай АйдосӘлібай Айдос
3 жыл бұрын 2434
0 пікір
Блог туралы