Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде онлайн түрде «Өнер мен өмір ұштасқан» атты тәрбиелік іс шара 2021 жыл 13-сәуір, сағат 14:00 де өтті. Тәрбиелік іс шара қонағы кино және сахна актеры, көптеген қазақ тарихи киноларына түскен, Кейкі Мергенде бас рөл ойнаған Дархан Сүлейменов шақырылды. Конференцияны философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Борбасова Қарлығаш сөз сөйлеп ашты. Одан кейін дінтану мамандығының 1-курс магистранты Әлібай Айдос конференцияға қатысушыларды тақырып бойынша актерлық шеберліктің қиындығы, өнерлі адамның заман көрінісінің мазмұнымен таныстырды. Тәрбиелік іс шараға ҚазҰУ-тің ұстаздары,студенттері мен магистранттары қатысты.
Тақырып өзектілігі қазақ кинематографының Қазақстан мемлекетін, жас азаматтарына жеткізім жатқан жарқын жақтарын, жастарға қалдырып жатқан мәдени көріністерін бүгінгі қоғам үшін маңызы мен мәні ондағы адам келбеті, заман сипаты туралы әлеуметтік, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың өміршеңдігінде, өмірлік өзектілігі негіз болды.
Актер Дархан Сулейменов студенттерге және конференцияға қатысушыларды өнер жолының қиындылығымен таныстырып қана қоймай, театор және кино жайында бірнеше ақпараттар айтып отырды, кейіннен қазақ кинематограф халықарадық дәрежедегі орнын түсіндірді.
https://www.kaznu.kz/kz